03 наурыз 2023 09:53

Тараздағы түрмеде өрт шықты: тұрғындар сотталғандардың қашуынан қауіптенді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Таразда ерекше режимдегі түрмеде өрт шықты. Төтенше жағдайға байланысты қала тұрғындары тұтқындардың жаппай қашуынан қорықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.


Таразда ерекше режимдегі түрмеде өрт шықты. Төтенше жағдайға байланысты қала тұрғындары тұтқындардың жаппай қашуынан қорықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Өрт өндірістік цехтардың бірінде болғаны белгілі болды. Онда 14 шаршы метр жерде ағаш өңделіп, дайын өнім сақталады екен. Өрт тез арада шатырға тараған, бірақ қызметкерлер, кейін өртсөндірушілер жалынды дер кезінде ауыздықтады.

Колония өкілдері өрт кезінде цехта ешкім болмады деп сендірді. Бәрі басқа ғимаратта орналасқан камераларында болған.

"Өрт кезінде сотталғандардың қашып құтылу әрекеті болған жоқ, өртті сөндіруге қатысқан қызметкерлердің бәрі аман-сау, қызметкерлер мен арнайы контингент арасында зардап шеккендер жоқ. Мүмкін, бұл - жеке кәсіпкер, өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін олармен келісімшарт бұзылады. Бірақ қазіргі уақытта, басты себеп – қысқа тұйықталу", - дейді Тараз қаласының №59 төтенше қауіпсіздік мекемесі бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ербол Нұржанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети