26 тамыз 2018 10:16

Теміртауда автобус жүргізушісі мен жолаушы әйелдің төбелесі видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/shock_krg © instagram/shock_krg

Теміртауда халықаралық автобустың жүргізушісі мен жолаушы әйелдің төбелесі видеоға түсіп қалды, әйел көлікке итімен бірге отырмақшы болған. Видео Instagram желісіндегі shock_krg парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Теміртауда халықаралық автобустың жүргізушісі мен жолаушы әйелдің төбелесі видеоға түсіп қалды, әйел көлікке итімен бірге отырмақшы болған. Видео Instagram желісіндегі shock_krg парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Теміртау - Қарағанды бағытындағы №107 автобуста болған. Жүргізуші еш түсіндірместен әйелді салонға кіргізбей, есікті жауып алған. Әйел бірнеше рет өтініш жасап, оқиғаны видеоға түсірген. Бірақ, жүргізуші оның видеоға түсіріп жатқанын байқап, автобустан жүгіріп шығып, тартып алуға тырысқан.

Ер адамның қылығы куәгерлердің ашуын келтірді. Зардап шегушінің оны жауапқа тартқызуына болады. Себебі ол тұтынушының құқығын бұзып қана қоймай, баршаның алдында қорлады. Оның кадр сыртындағы сөздерінің көбі балағат, деп жазды Etemirtau.

 

A post shared by Караганда (@shock_krg) on

Роликтің астындағы жазбада жолаушы әйелдің Қазақстандағы белгілі бапкер әрі кинолог Евгения Полтавцева екені жазылған. Оның қолында билеті бар, ал бес айлық күшікке тұмылдырық және қарғы бау тағылған.

Хабарламада жүргізушінің әйелдің жанындағы қыздарды итергені және олардың бірінің есікке соғылғаны жазылған. Жүргізуші арыз жазып, сот арқылы олардан 80 АЕК көлемінде өтемақы өндіруді көздеп отырғаны айтылады.

Айта кетейік, заң бойынша жолаушылар жануарлармен бірге қоғамдық көлікте жүре алады, тек олар артқы орында отыруы тиіс және тұмылдырық пен қарғы бау болуы керек.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети