11 қыркүйек 2017 15:02

Тойдан қайтқан бір отбасының жеті мүшесі жол апатынан қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстауда жол апатынан бір отбасының жеті мүшесі қаза тапты, - деп хабарлайды "Лада".


Маңғыстауда жол апатынан бір отбасының жеті мүшесі қаза тапты, - деп хабарлайды "Лада".

Жол апаты 10 қыркүйекте шамамен сағат 19.00-де Бейнеу ауылында болған. Toyota Camry көлігі қоршауға соғылған. 

Апат медицина орталығының хабарына қарағанда, жүргізуші мен алты жолаушы (екеуі 2006 және 2001 жылғы балалар) оқиға орнында қаза тапқан. 

"Көлік жапырылып қалған, көліктегі екі мәйітті арнайы техника құралы арқылы ғана алдық", - деп хабарлады орталықтағылар. 

Куәгерлердің айтуынша, көлікте отбасы мүшелері болған - ағайындылар, қарындасы және оның балалары. Олардың барлығы тойдан қайтқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети