03 мамыр 2021 11:10

Түркістанда жедел жәрдем жүргізушісі түнгі уақытта "концерт" ұйымдастырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 24.kz © 24.kz

Түркістанда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі көшеде дауыс ұлғайтқышпен ән айтқан, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 


Түркістанда жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі көшеде дауыс ұлғайтқышпен ән айтқан, - деп хабарлайды "Хабар 24" телеарнасы. 

Ерекше "өнердің" видеосын желі қолданушылары әлеуметтік желіге салып жіберген. Полицейлер жедел жәрдем жүргізушісін ұстады. 

Арыстағы жедел жәрдем бригадасы Түркістандағы ауруханаға науқасты шұғыл жеткізген. Қайтар жолда жүргізуші сүйікті әнін орындамақ болған. 

Полицейлердің мәліметінше, жүргізуші сау болған. Бірақ ол тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, жүргізушімен түсіндіру жұмыстары жүргізілген. 

"Иә, расында Бекзат Саттарханов атындағы көшеде келе жатқанымда ән айттым. Оқиға шамамен түнгі 02.00-де болды. Барша түркістандық пен әріптесімнен кешірім сұраймын", - деді жүргізуші. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети