03 мамыр 2021 15:16

Түркістанда түнгі уақытта "концерт" ұйымдастырған жедел жәрдем жүргізушісі жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Жедел жәрдем көлігінің дауыс ұлғайтқышымен ән айтқан қызметкер жұмыстан шығарылды. Ақпаратты Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жедел жәрдем көлігінің дауыс ұлғайтқышымен ән айтқан қызметкер жұмыстан шығарылды. Ақпаратты Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, ол жұмыстан шығарылды", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Еске салайық, бұған дейін Түркістанда жедел жәрдем жүргізушісі түнгі уақытта "концерт" ұйымдастырғаны хабарланған болатын. Ерекше "өнердің" видеосын желі қолданушылары әлеуметтік желіге салып жіберген. Полицейлер жедел жәрдем жүргізушісін ұстады. 

Арыстағы жедел жәрдем бригадасы Түркістандағы ауруханаға науқасты шұғыл жеткізген. Қайтар жолда жүргізуші сүйікті әнін орындамақ болған. 

Полицейлердің мәліметінше, жүргізуші сау болған. Бірақ ол тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, жүргізушімен түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Жедел жәрдем жүргізушісі жасаған әрекетіне байланысты кешірім сұраған болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети