11 тамыз 2020 09:34

Түркістанда жоғалған қыз Алматыдан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Түркістанда жоғалған қыз Алматыда базардан табылды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.


Түркістанда жоғалған қыз Алматыда базардан табылды, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, 19 жастағы қыз осыдан екі апта бұрын Түркістан облысының Отырар ауданында іс-түссіз жоғалып кеткен болатын.

Қазір Ұлпан үйінде, аман-есен. Туыстары студент қыздың ешкімге ештеңе айтпастан Алматыға өз бетімен кетіп қалғанын айтқан екен. Оны балмұздақ сатып жүрген жерінен тауып алғандарын айтты.

"23-і күні Ұлпан қарындасымды жоғалтып алған едім. Соны Астана телеарнасына бергем өтініш жасап. Сол қарындасымды таптым. "Алтын Ордада", "Барлық" базарында құймалы балмұздақ сатушы болып істейді екен. Сіздерге көп рақмет", - деді табылған қыздың ағасы Айдар Жақыпбеков.

Ағасының айтуынша, Ұлпан осыған дейін өз бетінше ақша тауып жұмыс істегісі келгенін айтқан. Алайда қыздың жұмысқа шығуына үйдегілер қарсылық білдірген. Сөйтіп Ұлпан Алматыға қашып кеткен. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети