06 тамыз 2014 20:48

Үйінді астында қалған әйел үш күннен кейін құтқарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайлық әйелді жер асты дүмпуінен үш күн өткеннен кейін қираған үйінділер арасынан босатып алды, - деп хабарлайды РИА Новости. Еске салайық, Қытайдағы жер сілкінісі 600-ге жуық адамның өмірін қиды.


Қытайлық әйелді жер асты дүмпуінен үш күн өткеннен кейін қираған үйінділер арасынан босатып алды, - деп хабарлайды РИА Новости. Еске салайық, Қытайдағы жер сілкінісі 600-ге жуық адамның өмірін қиды.

Құтқарушылар 50 жастағы әйелді апаттан 67 сағат өткеннен кейін тауып алды. Ляо Тенцуй Иньпин ауылынан табылған. Ол ауыр жарақаттар алып, аяғын қимылдата алмаған. Дегенмен, есін біліп жатқан. Сондай-ақ оның қызы да зардап шекпеген, ол анасының қасында болып, құтқарушылар келгенге дейін анасына қолдау білдіріп отырған. Анасына қанша көмектескісі келгенмен қыз ешкімді көмекке шақыра алмайды. Себебі, жерсілкінісі ауылды байланыссыз қалдырған еді. Айта кетейік, бір күн бұрын Бабао елді мекенінде құтқарушылар 76 жастағы ер адам мен 88 жастағы әйелді үйінділер астынан шығарып алған болатын.

Еске салайық, 3 тамыз күні Қытайда жойқын жер сілкінісі болды. Магнитудасы 6,5 болатын жер сілкінісі Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясында тіркелген. Зілзаланың ошағы Чжаотун қаласынан 10 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер асты дүмпулері 12 шақырым тереңдіктен байқалды. Соңғы деректер бойынша, 589 адам қаза болып, 2400 адам зардап шеккен. Оқиға болған аймақтан 240 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Жер сілкінісінің салдарынан ондаған мың үй қирады. Телефон байланысы үзіліп, электр өткізетін желілер де бүлінген.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети