09 қараша 2020 15:40

Ұйықтап қалып, қарсы жолаққа шығып кеткен мас жүргізушінің видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Нұр-Сұлтанда жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші жол апатына ұшырап, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда жүргізуші куәлігінен айырылған мас жүргізуші жол апатына ұшырап, оқиға орнынан қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

8 қарашаға қараған түні шамамен сағат 02.30-да арнайы батальон қызметкерлері Chevrolet Lacetti көлігінің 37 жастағы мас жүргізушісін ұстаған.

"Мас жүргізуші Мәңгілік ел даңғылымен келе жатып, ұйықтап кетіп, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан жол бойында тұрған қоршауды қиратқан. Артынша оқиға орнынан қашып кетпек болған. Полицейлер оны ұстады. Оның осыған дейін мас күйде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды", - деді полицейлер.

Полиция мәліметінше, нарколог дәрігер ер адамның мас болғанын растады.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал автокөлік коммуналдық тұраққа жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети