21 қазан 2014 10:00

2022 жылғы Катардағы әлем чемпионаты қараша мен желтоқсанда өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер 2022 жылғы Катардағы футболдан әлем біріншілігі қараша мен желтоқсан айларында өтетінін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Йозеф Блаттер 2022 жылғы Катардағы футболдан әлем біріншілігі қараша мен желтоқсан айларында өтетінін айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Катарда жаз мезгілі тым ыстық болғандықтан ФИФА қазіргі уақытта 2022 жылғы әлем чемпионатын өту уақытын өзгертуді қарастырып отыр. Ұйымның басшылары әлем біріншілігін ақпан мен қаңтарда не болмаса қараша мен желтоқсанда өткізуі мүмкін. "Ол жақта жаз мезгілінде футбол ойнауға болмайды. Сондықтан да Катардағы 2022 жылғы әлем чемпионаты қараша мен желтоқсанда өтеді. Менің ойымша, бұл ең дұрыс шешім", - дейді Блаттер. 

Еске салайық, бұған дейін Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) өкілі Марк Адамс 2022 жылғы футболдан әлем чемпионаты 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарымен бір уақытта өтпейтінін айтқан еді. Айта кетейік, дәстүр бойынша ақ Олимпада ақпан айында өтеді. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети