25 маусым 2014 09:55

ӘЧ-2014: Норвегиялық жанкүйер Суарестің тістейтініне бәс тіккен

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Норвегиялық жаңкүйер Бразилияда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының топтық кезеңіндегі кездесуде Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес Италия командасы ойыншыларының бірін тістейді деп болжам жасап, бәс тіккен" деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новости ақпарат құралына сілтеме жасап.

Мұндай болжам үшін норвегиялық букмекерлік контора 175 коэффициент белгілеген. Жанкүйердің ұтысы 5600 норвегия кроны (916 доллар).

D тобындағы бұл ойын 1:0 есебімен уругвайлықтардың пайдасына шешілді. Кездесу барысында Луис Суарес Италия құрамасының қорғаушысы Джорджо Кьеллиниді тістеп алды.

Бұған дейін "Ливерпуль" намысын қорғап жүрген Суаресті "Челси" командасының қорғаушысы Бранислав Ивановичті тістеп алғаны үшін Англия Футбол ассоциациясы он ойыннан шеттеткен болатын.

Айта кетерлігі, бұл ӘЧ-2014 жарысында бәс тігушілердің алғашқа таң қаларлық ұтысы емес. Испаниялық жанкүйер Испания – Голландия кездесуінің (1:5) есебін дәл болжап, тапқан болатын. Сол үшін ол бағалы сыйлық алған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети