Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

ӘЧ-2014: Уругвай Англиядан жеңісті тартып алды

20 Маусым 2014, 10:47
0

Бразиялада футболдан өтіп жатқан ӘЧ-2014 ойындарында Уругвай құрамасы Англиядан жеңісті жұлып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Vesti.kz. порталына сілтеме жасай отырып.  Әлем чемпионатының сегізінші күніндегі ойынды "Первый канал "Евразия" арнасы тікелей эфирден көрсетті. 

D тобындағы кездесу 2:1 есебімен аяқталды. Жеңіс Уругвай құрамасында. Өзінің командасына жеңісті Луис Альберто Суарес әкелді. Ол ойынның 39 және 85 минуттарында қарсыластарының қақпасына гол салды. Ағылшындықтар да қарап қалған жоқ, ойынның 75 минутында Уэйн Рунидің қақпаға бағыттаған тобы дәл түсті. 

Сонымен 3 ұпай жинап Уругвай Италия мен Коста-Риканы қуып жетті. Англия құрамасы Әлем чемпионтаныда екінші мәрте жеңіліп, әзірге ұпайсыз. Қорытынды матчты Англия құрамасы 24 маусым күні Коста-Рика құрамасымен ойнайды. Дәл осы күні Уругвай алаңда италиялықтармен кездеседі.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай