19 мамыр 2022 09:20

АҚШ-та футболшы әйелдер мен ерлердің жалақысы теңесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

АҚШ-та ерлер мен әйелдердің жалақысы футбол тарихында бірінші болып теңестірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ футбол федерациясының сайтына сілтеме жасап.


АҚШ-та ерлер мен әйелдердің жалақысы футбол тарихында бірінші болып теңестірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі АҚШ футбол федерациясының сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-тың ерлер мен әйелдер құрамасының ойыншылары енді тең жалақы алады, жүлде қоры да бірдей болады, оның ішінде әлем чемпионаттарында да. Басқа ресми жарыстарда ойыншылар ойын бонусын бірдей алады.

"Бұл шынымен, тарихи сәт. Келісім АҚШ-тағы ойынды түбегейлі өзгертті, ол бүкіл әлемдегі ойынды өзгерте алады", - деді АҚШ футбол федерациясының президенті Синди Парлоу Коун.

Алғашқы келісім 2028 жылға дейін жалғасады, ол келесі екі әлем чемпионаты мен олимпиадалық циклді қамтиды. Ол тікелей эфир, жарнама және демеушілерден түскен коммерциялық кірістерге де қолданылады. Федерация үй матчтерінен түскен түсімнің бір бөлігін де бөліседі. Басқа да шарттар теңестірілді: футбол алаңдарының сапасы, ұшуға арналған чартерлер саны, қонақүйлерде тұру деңгейі, жаттығу ұйымдастыру.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети