11 мамыр 2014 10:47

Әлем біріншілігіне қатысатын Португалия мен Мексика құрамалары белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Португалия құрамасының капитаны - Криштиану Роналду. Сурет: zimbio.com Португалия құрамасының капитаны - Криштиану Роналду. Сурет: zimbio.com

Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері Паулу Бенту мен Мексика жаттықтырушысы Мигель Эррера бір айдан кейін басталатын әлем чемпионатына қатысатын футболшылардың есімін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Футболдан Португалия құрамасының бас бапкері Паулу Бенту мен Мексика жаттықтырушысы Мигель Эррера бір айдан кейін басталатын әлем чемпионатына қатысатын футболшылардың есімін жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Паулу Бенту командасына жеті бірдей шабуылшы шақырған екен. Бұл әлем чемпионатына қатысатын құрамалардың ішіндегі шабуылшысы ең көп құрама болмақ. 

Португалия құрамасы:

Қақпашылар: Бету ("Севилья", Испания), Эдуарду ("Брага"), Руй Патрисиу ("Спортинг").

Қорғаушылар: Жоау Перейра, Рикарду Кошта (екеуі де — "Валенсия", Испания), Фабиу Коэнтрау, Пепе (екеуі де — "Реал", Испания), Бруну Алвеш ("Фенербахче", Түркия), Сильвиу ("Бенфика"), Нету ("Зенит", Ресей).

Жартылай қорғаушылар: Рауль Мейрелеш ("Фенербахче", Түркия), Жоау Моутинью ("Монако", Франция), Мигель Велозу ("Динамо", Украина), Куштодиу, Рубен Микаэл (екеуі де — "Брага").

Шабуылшылар: Нани ("Манчестер Юнайтед", Англия), Криштиану Роналду ("Реал", Испания), Сильвестре Варела ("Порту"), Виейринья ("Вольфсбург", Германия), Элдер Поштига ("Сарагоса", Испания), Данни ("Зенит", Ресей), Нельсон Оливейра ("Ренн", Франция).

Ал Мексика құрамасының бас бапкері болса Бразилияға Лондон Олимпиасында топ жарған сегіз бірдей футболшыны тізімге қосыпты. Тағы бір назар аударатын жәйт, "ацтектердің" сапында биыл төртжылдықтың басты додасына "МЮ" шабуылшысы Хавьер Эрнандес екінші рет қатысқалы отыр. 

Мексика құрамасы:

Қақпашылар: Гильермо Очоа ("Аяччо", Франция), Альфредо Талавера ("Толука"), Хесус Корона ("Крус Асуль").

Қорғаушылар: Пауль Агиляр, Мигель Лайюн, Франсиско Родригес (барлығы - "Америка"), Диего Рейес ("Порту", Португалия), Рафаэль Маркес ("Леон"), Эктор Морено ("Эспаньол", Испания), Карлос Сальсидо ("Тигрес"), Андрес Гуардадо ("Байер", Германия).

Жартылай қорғаушылар: Хуан Карлос Медина ("Америка"), Исаак Брисуэлья ("Атлас"), Хосе Хуан Васкес, Луис Монтес, Карлос Пенья (все - "Леон"), Марко Фабиан ("Крус Асуль"), Эктор Эррера ("Порту", Португалия).

Шабуылшылар: Рауль Хеменес, Алан Пулидо, Хавьер Эрнандес (барлығы - "Манчестер Юнайтед", Англия), Джовани дос Сантос ("Вильярреал", Испания), Орибе Перальта ("Сантос Лагуна").

Португалия құрамасы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Гана, Германия, АҚШ құрамаларымен кездессе, Мексика құрамасы Камерун, Хорватия, Бразилия құрамаларымен күш сынасады. 

Айта кетейік, әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында Бразилияда өтеді.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети