31 қазан 2021 10:12

Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©"Қайрат" ©"Қайрат"

Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі раундының соңғы матчінде италиялық "Пезароны" жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 


Алматылық "Қайрат" футзалдан Чемпиондар лигасының негізгі раундының соңғы матчінде италиялық "Пезароны" жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап. 

Қазақстандық команда алтыншы минутта бірінші голды жіберіп алды, бірақ 18-минутта Дәурен Тұрсағұлов есепті теңестірді, содан кейін 28-минутта тағы бір гол соқты. Италиялықтар 35-минутта есепті теңестірді, бірақ Диего Фаверо алматылықтардың үшінші голын соғып, командаға жеңіс әкеледі. 

"Қайрат" 3:2 есебімен жеңіске жетті. Бұл командаға Чемпиондар лигасының элиталы кезеңіне жол ашты. Осы матчтің алдында ғана топта соңғы орында тұрған алматылық клуб келесі раундқа бірінші орыннан шықты. 

Бұған дейін алматылық "Қайрат" футболдан Қазақстан чемпионатының соңғы, 25-турының матчінде "Астананы" жеңген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети