25 мамыр 2018 09:22

Атақты Роналдиньо екі қызға қатар үйленгелі жатыр - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлем футболының аңызына айналған Роналдиньо тамызда екі қызға қатар үйленгелі жатыр. Бұл туралы бразилиялық БАҚ-тарға сілтеме жасаған "Спорт-Экспресс" басылымы хабарлады. 


Әлем футболының аңызына айналған Роналдиньо тамызда екі қызға қатар үйленгелі жатыр. Бұл туралы бразилиялық БАҚ-тарға сілтеме жасаған "Спорт-Экспресс" басылымы хабарлады. 

38 жастағы "Алтын доп" иегерінің таңдауы Присцилла Коэльоға түскен, ол экс-футболшымен көп жылдан бері кездесіп жүрген, сонымен қатар футболшы өмірінде 2016 жылы пайда болған Беатрис Соузамен көңіл жарастырмақ. Қыз Белу-Оризонти тумасы. 

"Барселона" мен "ПСЖ" клубтарының бұрынғы жұлдызы екі сүйіктісіне шығындарына ай сайын екі мың доллардан ақша беріп, бірдей сыйлық жасап тұрады екен. Мысалы ол екі қалыңдығына бірдей қымбат иіссу сыйлаған, шетелге демалысқа бірге барады - наурызда ол екі сүйіктісімен де Жапонияда түскен суретін жариялаған. 

Тойда көптеген танымал адам болады деп болжанып отыр. Кейбір мәліметтерге қарағанда, той Рио-де-Жанейрода өтеді. Тағы бір қауесет бойынша салтанатты шара АҚШ-тағы Санта-Моникада өтеді делінеді. Себебі Бразилия заңы бойынша көп әйел алу заңға қайшы. Мұндай заңды бұзған адам екі жылдан алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети