18 наурыз 2021 09:18

Атырауда төреші футболшыны ұрды: іске УЕФА мен ФИФА баға береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ©Vesti.kz Фото: ©Vesti.kz

Қазақстанның футболдан бірінші турниріндегі "Атырау" - "Шахтер" матчының бас арбитрі Арман Ісмұратов "мұнайшылардың" жартылай қорғаушысы Сәбит Тастанбековті трибуна астындағы бөлмеде ұрғаны үшін жұмысынан шеттетілді. Бұл туралы ҚФФ ресми сайтында мәлімделді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

Жанжал 13 наурызда Атырауда өткен ойыннан кейін болған. Бастапқыда трибуна астындағы бөлмеде Тастанбеков бас арбитрге қол көтерді деген ақпарат тараған. Алайда кейін оқиғаның видеосы пайда болды, онда Ісмұратов футболшыны ұрғаны көрінеді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz - Живи спортом ?? (@vestikzsport)

Оқиғаға қатысты ҚФФ Төрешілік пен тексеріс департаментінің директоры Сергей Кенетаев пікір білдірді.

"Қазақстан футбол федерациясы төрешілік комитетінің отырысы өтті, онда Атырау қаласындағы стадионның трибуна астындағы бөлмесінде болға оқиға қаралды. Мұнда Қазақстанның OLIMPBET-чемпионатының І турының матчы өткен, "Атырау" мен "Шахтер" ойнаған. Комитет мүшелері бұл оқиға бойынша барлық қажет материалды алды. Оларды бағалау үшін ФИФА мен УЕФА Төрешілер комитетіне жолдауға шешім жасалды. Бұған дейін арбитр Арман Ісмұратов төрешіліктен шеттетілген", - дейді Кенетаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети