05 ақпан 2014 17:12

Бас бапкердің есімі жұма күні белгілі болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері осы аптаның жұма күні яғни, 7 ақпанда белгілі болады, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап. ҚФФ-ның ресми сайтындағы ақпаратта Қазақстан құрамасының бас бапкері 7 қаңтар күні Астананың "Rixos President Astana" қонақүйіндегі таныстырылады деп айтылған. Бірақ, құрама бапкерінің есімі құпия сақталуда. Айта кетейік, Қазақстан құрамасының бапкерлік орны Мирослав Беранек кеткелі бері бір ай бос болды. Осы уақыттың ішінде бұл орынға басты үміткерлер ретінде Ресей құрамасының бас бапкері Гус Хиддинкітің көмекшісі Александр Бородюк, Армения құрамасының бұрынғы бапкері Вардан Минасян, ресейлік Юрий Красножан және "Рубин" командасының экс-бапкері Құрбан Бердыев сынды мамандарды атаған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети