14 қараша 2021 14:14

Байсуфинов Франциямен өткен ойынға қатысты пікір білдірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфинов 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Франциямен өткен ойынға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу Париждегі "Парк де Пренс" стадионында өтті, ойын Франция құрамасының пайдасына 8:0 есебімен аяқталды.

"Матч алдында футболшыларға қорықпай ойнау керегін айттым. Қайткен күнде де ойынды дамыту керек еді. Жеңіліске әрқашан бапкер жауап береді. Мұндайға дайын болмадық. Бұл кездесуден кейін командамыздың бұған дайын болмағанына көз жеткізуге болады. Таблодағы нәтижеден бәрін көруге болады. Алып қосарым жоқ", - дейді Талғат Байсуфинов.

Еске салайық, Франция командасы D тобында 15 ұпай еншілеп, әлем чемпионатына бірінші орынмен жолдама алды. Ал іріктеудегі соңғы ойынын өткізген Қазақстан құрамасы үш ұпаймен соңғы орынға жайғасты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети