19 маусым 2021 09:10

EURO-2020: Хорватия - Чехия, Англия - Шотландия ойындары қандай есеппен аяқталды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Reuters Фото ©️ Reuters

Еуропа чемпионатының кезекті ойындары мәресіне жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 


Еуропа чемпионатының кезекті ойындары мәресіне жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Глазгоның "Хэмпден Парк" аренасында Хорватия мен Чехия кездесіп, қос құрама тең түсті. Бірінші болып орталық еуропалықтар есеп ашқан. 37 минутта Патрик Шик 11 метрлік айып добын мүлтіксіз орындап командасын алға шығарса, 47 минутта соңғы әлем чемпионатының финалистері таразы басын теңестіре алды. Гол авторы Иван Перишич.

1 ұпайға қол жеткізген Златко Далич шәкірттері бірінші турда Англияға есе жіберген болатын. Енді топтағы үшінші ойын Шотландия футболшыларына қарсы 22-маусымда өтеді. Ал 4 ұпайы бар Чехия құрамасы сол күні ағылшындармен өзара мықтыны анықтайды.

Ал Шотландия ағылшындардан бір ұпай еншіледі.

D тобының екінші кездесуінде де жеңімпаз анықталмады. Әйгілі "Уэмблидегі" матчта ағылшын арғымақтары Шотландиядан келген жігіттерді ұта алмады. 90 минуттың қорытындысы бойынша қос құраманың ойыншылары бір-бірінің қақпасына тек бір соққыдан ғана дәл бағыттаған. Қорытынды есеп 0:0.

2 турдан кейін Англия мен Чехия 4, Хорватия мен Шотландия 1 ұпайдан еншілеп отыр. Топтық кезеңдегі үшінші матчар 22 маусымға жоспарланған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети