14 маусым 2021 09:14

EURO-2020: Нидерланды мен Украина матчінде бес гол соғылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

13 маусымда, Украина құрамасы Еуропа чемпионаты топтық кезеңінің бірінші турында Нидерланды футболшыларынан жеңілді. С тобының матчі Амстердамдағы "Йохан Кройф Аренада" өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ойын барысында голландиялықтар 2:0 есебімен жеңіп жатты - Джорджиньо Вейналдум (52-минут) мен Ваут Вегхорст (58) көзге түсті.

Бірақ кейін украиналықтар таразы басын теңестіріп тастады. Андрей Ярмоленко (75-минут) мен Роман Яремчук (79) гол соқты. 

Тек матч соңына қарай Нидерланды құрамасы жеңісті жұлып әкетті. 85-минутта Дензел Дюмфрис қанжығасын майлады. Бес гол да екінші таймда соғылды.  

Бұған дейін С тобында Австрия құрамасы Солтүстік Македонияны 3:1 есебімен жеңген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети