12 маусым 2019 09:48

ЕУРО-2020 іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Сан-Мариноны ойсырата жеңді

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото: REUTERS © Фото: REUTERS

Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариноны ойсырата жеңді. Бұл кездесу 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Сан-Мариноны ойсырата жеңді. Бұл кездесу 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

I тобының 4-турындағы ойын 11 маусымда Нұр-Сұлтанда орналасқан "Астана Аренада" өтті. Кездесу 4:0 есебімен аяқталды. Кездесудің бірінші таймында Қазақстан құрамасы басымдыққа ие болды. Бірақ Сан-Мариноның қақпашысы Элиа Бенедеттини жақсы ойын көрсетті. Ол өз командасында кәсіпқой деген лауазымға ие жалғыз спортшы. Алаң иелері бірінші таймның соңына дейін есепті ашты. Қорғаушы Ғафуржан Сүйімбаевтың пасынан кейін Исламбек Қуат гол соқты.

Ойынның бір сағаты тәмам болғаннан кейін жеңіс кімнің жағында екені белгілі болды.

58-минутта Қазақстан құрамасы сапында 23 жастағы жартылай қорғаушы Максим Федин шабуылшы Абат Айымбетовті алмастырып, 62-ші минутта қанжығасын майлады. Федин құрама сапында алғаш рет гол соғып отыр. Ал 65-минутта Сүйімбаев бұрыштан әуелеген допты қабылдап алып, айып алаңына енбестен дәл соққы бағыттады. Сан-Мариноның қақпасына төртінші голды құрама капитаны Бауыржан Исламхан соқты. Ол 79-минутта алыстан соққы жасап, есепті ұлғайтты.

Айта кетейік, ФИФА рейтингінде Қазақстан құрамасы 117-орында. Ал Сан-Марино соңғы 221-орында тұрақтаған. Сондай-ақ, бұл команда ең әлсіз құрамалардың бірі болып саналады.  

4 турдан соң Бельгия құрамасы 12 ұпаймен топ бастап тұр. Кейін 9 ұпаймен Ресей құрамасы тұр. Үшінші орындағы Қазақстан құрамасында 6 ұпай бар. Төртінші орында Кипр, бесінші орында Шотландия командалары тұр. Ал топтағы алтыншы орынға Сан-Марино командасы орналасты. 

Бесінші тур ойындары 9 қыркүйекте болады. Ол күні Ресей - Қазақстан, Сан-Марино - Кипр және Шотландия - Бельгия арасында кездесулер өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети