30 маусым 2021 15:04

EURO-2020: Украина матчінде белгісіз біреулер Ресей туын жамылған жанкүйердің киімін жыртты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: UEFA, әлеуметтік желілерден Сурет: UEFA, әлеуметтік желілерден

EURO-2020-ның Украина мен Швеция арасындағы матчі кезінде белгісіз біреулер Ресейдің туын жамылған жанкүйердің киімін жыртып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sport24.ru спорт сайтына сілтеме жасап.


EURO-2020-ның Украина мен Швеция арасындағы матчі кезінде белгісіз біреулер Ресейдің туын жамылған жанкүйердің киімін жыртып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Sport24.ru спорт сайтына сілтеме жасап.

Мачт Глазгода өткен. Ойын алдында әлеуметтік желіде Ресейдің туын жамылған жанкүйер мен Украина ұлттық құрамасының киімін киген адамның құшақтасып тұрған суреті тараған еді.

"Матч аяқталған соң OFNEWS Telegram-арнасында сол жанкүйердің тусыз және жыртылған киіммен тұрған суреті жарияланды. Шамасы, мінберде саяси мәселеге байланысты жанжал болған", - деп жазды спорт агенттігінің тілшісі.

"Глазгодағы алғашқы сурет кеше барлық спорт БАҚ-тары мен желілерде тараған", - делінген Telegram-арнадағы хабарламада.

Фото: OFNEWS Telegram арнасы

Еске сала кетейік, Украина Ұлттық құрамасы қосымша уақытта Швецияны 2:1 есебімен жеңіп, EURO-2020-ның ширек финалына өткен еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети