Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Футбол: "Қайрат" "Ақтөбені" жүндей түтті

07 Шілде 2014, 11:18
0
Фото fckairat.kz сайтынан
Фото fckairat.kz сайтынан

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында он тоғызыншы турдың ойындары өтіп, Алматының "Қайраты" "Ақтөбе" футболшыларын 7:1 есебімен күйрете жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Соңғы турларда кежегесі кейін тартып, ойыны мандымай жүрген "Ақтөбе" Алматыда оңбай ұтылды. Ал жазғы трансфер кезінде құрамын біршама нығайтып алған "Қайрат" көсіле шапты.

Команда құрамына жаңадан келген ойыншыларының бірі, атап айтқанда, Кот-д'Ивуар шабуылшысы Гоу осы матчта хет-трик жасап, сенімді ақтай бастады.

"Қайраттан" оңбай ұтылған соң "Ақтөбенің" бас бапкері Владимир Никитенко отставкаға кетіпті. Енді ақтөбеліктер жаңа бапкер іздеуге көшкендей.

"Қайрат" бұл ойында ақтөбеліктерді тас-талқан қылып, жеңіп қана қоймай, ел біріншілігі кестесінде екінші орынға ығыстырып, өздері бірінші орынға көтерілді.

Сондай-ақ, "Астана" да өз алаңында "Шахтерді" ойсырата ұтты. Бұл елордалық футболшылардың Астана күніне жасаған сыйлығы іспетті болды.

Басқа ойындарда гол көп соғылған жоқ. "Ордабасы" мен "Жетісу" өз алаңдарында бір доп айырмасымен жеңіске жетіп, қоржындарына үш ұпайдан салды.

Ал "Тобыл" өз жанкүйерлері алдында "Ертістен" айласын асыра алмай, екі ұпай жоғалтты.

ХІІІ турға дейін нәтижелі ойын өрнегін көрсеткен "Қайсар" да маусым басындағы қарқынынан айырылып қалғандай. Бұл турда көш соңындағы "Спартакты" жеңе алмай, салы суға кетті.

Қазақстан чемпионаты. Премьер-лига. ХІХ тур.

"Қайрат" (Алматы) – "Ақтөбе" – 7:1
Голдар: Гоу, 8 (1:0). Кнежевич, 25 (2:0). Плиев, 46 (3:0). Исламхан, 52 (4:0). Кнежевич, 56-пенальтиден (5:0). Гоу, 76 (6:0). Гоу, 83 (7:0). Антонов, 87 (7:1).

"Астана" – "Шахтёр" (Қарағанды) – 4:0
Голдар: Бейсебеков, 25. Кетевоама, 29. Жолшиев, 64. Нөсербаев, 85.
34-минутта Джидич (Ш) алаңнан қуылды.

"Тобыл" (Қостанай) – "Ертіс" (Павлодар) – 1:1
Голдар: Кушнир, 23 (1:0). Дудченко, 59 (1:1).
89-минутта Тотай (Е) алаңнан қуылды.

"Ордабасы" (Шымкент) – "Атырау" – 1:0
Гол: Касьянов, 76.

"Жетісу" (Талдықорған) – "Тараз" – 1:0
Гол: Ахметович, 90+2.
Алаңнан қуылғандар: Климавичус, 84 (Ж) – Рок, 77 (Т).

"Қайсар" (Қызылорда) – "Спартак" (Семей) – 1:1
Голдар: Струков, 26 (1:0). Пеев, 64 (1:1).

Қазақстан премьер-лигасындағы ХІХ турдан кейінгі жағдай:

1. "Қайрат" – 36 ұпай
2. "Ақтөбе" – 36
3. "Астана" – 34
4. "Шахтер" – 32
5. "Ордабасы" – 28
6. "Қайсар" – 28
7. "Жетісу" – 25
8. "Атырау" – 24
9. "Тобыл" – 23
10. "Ертіс" – 22
11. "Тараз" – 15
12. "Спартак" – 10


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай