23 тамыз 2020 11:15

Футболдан Қазақстан чемпионаты өтетін уақыт өзгерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Футболдан Қазақстан чемпионатының кейбір ойындарының өтетін уақыты өзгерді, деп хабарлайды Olympic.kz. Бұл мәліметті Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі растады.


Футболдан Қазақстан чемпионатының кейбір ойындарының өтетін уақыты өзгерді, деп хабарлайды Olympic.kz. Бұл мәліметті Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының баспасөз қызметі растады.

Қазақстан кәсіпқой футбол лигасы OLIMPBET-футболдан Қазақстан Чемпионатының V, VI және VII турлар аясында "Жас Қыран" стадионында өтетін төрт кездесудің басталу уақыты өзгергенін хабарлады. Атап айтқанда, "Қызыл-Жар" – "Шахтер", "Каспий" – "Қайсар", "Оқжетпес" – "Шахтер" мен "Қызыл-Жар" – "Каспий" ойындарының басталу уақыты Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-ден 21:00-ге өзгертілген.

Өтетін орны: Алматы және Талғар қалалары V тур 21 тамыз (жұма) 17:00. Ордабасы – Каспий 19:00. Қайрат – Тобыл 22 тамыз (сенбі) 16:00. Астана – Оқжетпес 18:00. Қайсар – Жетісу 20:00. Қызыл-Жар СК – Шахтер IV турдың кейінге шегерілген ойыны 25 тамыз (сейсенбі) 18:00. Тобыл – Астана VI тур 26 тамыз (сәрсенбі) 18:00. Тараз – Оқжетпес 20:00. Каспий – Қайсар 27 тамыз (бейсенбі) 16:00. Жетісу – Қызыл-Жар СК VII тур 29 тамыз (сенбі) 18:00. Қайсар – Тобыл 20:00. Оқжетпес – Шахтер 30 тамыз (жексенбі) 16:00. Ордабасы – Қайрат 18:00. Астана – Тараз 21:00. Қызыл-Жар СК – Каспий.

Белгісіз мерзімге шегерілген ойындар: Қайрат – Астана, VI тур ойыны Тобыл – Ордабасы, VI тур ойыны.



Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети