07 сәуір 2015 11:49

Футболдан Қазақстан құрамасының қорғаушысы Константин Энгельдің мұрны сынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Armin Weigel @Armin Weigel

Футболдан Қазақстан құрамасы қорғаушысы Константин Энгель жарақат алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол бұл ойында немістің "Ингольштадт" құрамасында өнер көрсетеді.


Футболдан Қазақстан құрамасы қорғаушысы Константин Энгель жарақат алды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол бұл ойында немістің "Ингольштадт" құрамасында өнер көрсетеді.

Энгель 5 сәуірде болған "Франкфуртқа" қарсы ойынында негізгі құрамда алаңға шықты. Жоғарыдан келе жатқан допқа таласта Энгель мұрнын сындырып алып, 69-шы минутта басқа ойыншымен алмастырылды.

"Ингольштадт" футбол клубы командасының ресми сайтында Энгельге операция сәрсенбі күні жасалатыны жазылған. Футболшының қайта алаңға шығуына екі аптадай уақыт кетеді. Айта кетейік, 31 мамыр күні Энгель Қазақстан құрамасында Ресейге қарсы жолдастық кездесуде ойнаған. "Химки Арена" стадионында болған матчта есеп ашылған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети