Футболшы Бауыржан Исламханның қалыңдығының ұзату тойы болды

15 Қыркүйек 2015, 18:07
1
Футболшы Бауыржан Исламханның қалыңдығының ұзату тойы болды - © Іnstagram.com
© Іnstagram.com

"Қайрат" футбол командасының капитаны Бауыржан Исламханның қалыңдығы Еркежан Талғатбекованың ұзату тойы өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылымның мәліметінше, үйлену тойы 28 қарашада, Қазақстанда футбол маусымы аяқталғанда болады.









Ұзату тойының видеолары мен фотоларын мына жерден көруге болады.

Бұған дейін Бауыржан Исламханның сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасағаны хабарланған болатын. Оның айтуынша, оқиға 27 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда "Қайрат" командасының Еуропа лигасындағы "Бордо" клубымен қарымта кездесу матчы біткеннен кейін болған. Ойын аяқталғанда футболшы алаң орталығына шығып, тізерлеп отырып, сүйіктісіне сақина ұсынды, бұдан кейін ол қалыңдығы болуға ұсыныс жасады. Қыз "иә" деп жауап берді. 

Еркежан Талғатбекова 21 жаста. Ол Таразда туған, қазіргі уақытта Алматыда тұрып жатыр. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінде оқыған. Жазда қыз жоғары оқу орнын қызыл дипломмен бітірген.








© Іnstаgram.com


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай