1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Футбол

"Қайрат" ФК Еуропа Лигасының үшінші квалификациялық раундына шықты

©Facebook.com/fckairat ©Facebook.com/fckairat

Алматылық "Қайрат" екі матчтың қорытындысы бойынша Арменияның "Алашкерт" командасын жеңіп, Еуропа лигасының үшінші квалификациялық раундына шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ереванда өткен қарымта кездесу алаң қожайындарының жеңісімен аяқталды. Есеп 2:1.

"Алашкерт" футболшылары 28 минутта Арарат Аракелянның голынан кейін алға шықты. Алайда "Қайрат" үзіліске дейін есепті теңестірді. Жерар Гоу қосымша минутта гол соқты.

Екінші таймда Гоу екінші голды соғатын мүмкіндікке ие болды, бірақ Деспотовичтің пасынан кейін оның баспен жасаған соққысынан доп қисық кетті. Алаң иелері бірнеше қауіпті сәт туғыза білді. Алматылықтардың қақпашысы Владимир Плотников қақпаны сәтті қорғай білді. Десе де, армян футболшылары дегендеріне жетті. Қосымша минуттарда Араужо Дос Сантос "Алашкертке" жеңіс голын соғып берді. Айта кетейік, қазақстандық клуб алғашқы ойындағы жеңісі арқылы Еуропа лигасының үшінші квалификациялық раундына шықты.

Еске салайық, Алматылық "Қайрат" клубы Еуропа лигасының екінші квалификациялық раундының бірінші матчында Арменияның "Алашкерт" командасын 3:0 есебімен жеңген болатын. Алматыдағы Орталық стадионда өткен кездесу 3:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Матчта есепті 14 минутта "Қайрат" командасының капитаны Бауырдан Исламхан 11 метрлік айып добы арқылы ашты. Екінші таймның басында (55-ші минут) Жерар Гоу екінші голды салды. Ал "Қайрат" командасына жаңадан келген ойыншы Джордже Деспотович 69 минутта есепті 3:0-ге жеткізді.