14 шілде 2021 22:09

"Қайрат" "Маккабиді" жеңіп, Чемпиондар лигасының екінші раундына шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Қайрат" ФК © "Қайрат" ФК

Алматылық "Қайрат" израильдік "Маккабиді" жеңіп, Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


Алматылық "Қайрат" израильдік "Маккабиді" жеңіп, Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңіне шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Командалардың қарымта кездесуі Алматыдағы орталық стадионда өтіп, 2:0 есебімен аяқталды.

Матчте есепті алаң иелері ашты. 10-минутта Вагнер Лав "Қайратты" алға шығарды. Осыдан кейін бразилиялықтың тағы екі мүмкіндігі болған, бірақ қонақтардың қақпашысы екі рет соққыны қайтара білді.

Нәтижесінде үзіліске алматылықтар бір гол басымдығымен кетті.

Екінші таймның басында "Қайрат" есеп арттыруға тамаша мүмкіндік алды - Хосе Канте "Маккаби" қақпашысының қателігін байқап қалды, бірақ мүмкіндікті пайдалана алмады.

Ал 58-минутта "Қайрат" қақпасына бірнеше соққы жасалды. Маккаби ойыншылары қақпаға дәл соққы жасаған, бірақ Стас Покатилов командасын құтқарды. 

64-минутта Покатилов айып алаңынан қауіпті соққыны қайтара отырып, тағы бір мәрте шеберлігін көрсетті - "Маккаби" шабуылшысы Тиаронн Чери айып алаңынан баспен соққы жасаған, алайда "Қайраттың" қақпашысы допты бұрышқа бұрып жіберді.


© Vesti.kz

Бір минуттан кейін "Қайрат" басымдығын еселеді. Алматылықтар қарсы шабуыл ұйымдастырды, соның нәтижесінде Айбол Әбікен жақын бұрышқа соққы жасады.

Футболшылар арасындағы матчтің соңында алаңда жаппай төбелес болды, нәтижесінде төреші "Қайрат" пен "Маккаби" ойыншыларына қызыл қағаз көрсетті.

Еске салайық, Хайфадағы алғашқы ойын тең есеппен, 1:1 есебімен аяқталды. Осылайша, "Қайрат" екі матчте 3:1 есебімен жеңіп, алға шықты.

Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі алматылық клубтың қарсыласы сербиялық "Црвена Звезда" болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Vesti.kz - Живи спортом 🇰🇿 (@vestikzsport)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети