Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Қазақстан футбол құрамасы Исландиядан ұтылды

28 Наурыз 2015, 22:50
2
©kff.kz
©kff.kz

Қазақстан футбол құрамасы Исландиядан ұтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2016 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің бесінші турындағы ойын 3:0 есебімен аяқталды. Ойынның 20-шы минутында Эйдур Гудйонсен есеп ашты. Исландия футболшылары 32-ші минутта есеп айырмасын ұзарта білді. Қазақстан қақпасына соғылған екінші голдың авторы - Биркир Бьярнасон. Ал үшінші голды қонақтар командасы қосымша минутта тоғытты. Бұл жолы да Биркир Бьярнасон көзге түсті.

Қазақстан футбол құрамасында Сидельников (қақпашы), Гурман, Воротников, Абдулин, Смақов (К), Сүйімбаев, Логвиненко, Исламхан, Тағыберген және Тәжімбетов ойнады. Ал Исландия құрамасында негізгі құрамда шыққан футболшылар мыналар: Хадльдорссон (қақпашы), Севарссон, Сигурдссон, Арнасон, Скуласон, Бьярнасон, Сигурдссон, Гуннарссон (К), Гудмундссон, Сигторссон және Гудьонсен.

Ойын бүгін, 28 наурызда Астанадағы "Астана Арена" стадионында 21.00-де басталған болатын. Келесі матчты Юрий Красножанның шәкірттері 31 наурызда өткізеді. Қазақстан футболшыларының келесі қарсыласы Ресей құрамасы болмақ.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай