Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді бірде-бір жеңіссіз аяқтады

09 Қазан 2017, 08:38
1
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді бірде-бір жеңіссіз аяқтады - © Reuters
© Reuters

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатына іріктеу кезеңін аяқтады. Топтағы соңғы ойында қазақстандық футболшылар Армения құрамасымен тең ойнады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Астанада өткен ойында қос құрама 1:1 есебімен тең тарқасты. Бірінші таймда қонақтар сапынан команда капитаны Генрих Мхитарян гол соқты. Ал оған осыған дейін "Ақтөбе" сапында ойнап кеткен Маркос Пизелли нәтижелі пас берді. Ал оған дейін Қазақстан құрамасы сапынан Азат Нұрғалиев пен Роман Мұртазаев өз мүмкіндіктерін пайдалана алмаған еді.

Екінші таймды ширақ бастаған Қазақстан құрамасы таразы басын теңестіруге ұмтылды. 62 минутта қапталдан Роман Мұртазаевтың әуелете асырған добына Бауыржан Тұрысбек бірінші жетіп, есепті теңестірді. Оның баспен бағыттаған добын Армения құрамасының қақпашысы Арсен Бегларян қайтара алмады. Ал соңғы сәтте қонақтар гол соғуға зор мүмкіндік алғанмен, қорғаушы Юрий Логвиненко Қазақстан құрамасын жеңілістен құтқарып қалды.

Топтағы 10 ойыннан кейін 3 ұпай жинаған Қазақстан құрамасы соңғы орында (6-орын) қалды. Польша құрамасы топтағы айқын көшбасшы ретінде әлем чемпионатына жолдама алды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай