12 мамыр 2019 12:52

Қазақстан құрамасы жағажай футболынан Норвегия ойыншыларын ірі есеппен жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© olympic.kz © olympic.kz

Испанияның Салоу қаласында өтіп жатқан әлемдік жағажай ойындарында Қазақстан алғашқы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Испанияның Салоу қаласында өтіп жатқан әлемдік жағажай ойындарында Қазақстан алғашқы жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Үшінші жарыс күнінде жағажай футболынан Қазақстан командасы 5:1 есебімен Норвегияны жеңді. Алғашқы голды норвегиялық ойыншы өз қақпасына соғып алғанын айта кету керек. Гол авторлары: Кристофферсен, Тюльпа, Мұралинов (2), Демешко, Сальвесон.

Осыған дейін, 9 мамырда 1/8 финалда Қазақстан құрамасы Португалия футболшыларымен кездесіп, 10:2 есебімен жеңілген. 10 мамырда отандастарымыз Германия құрамасымен кездесіп, 2:4 есебімен есе жіберді. Бүгін біздің жағажай футболшыларымыз Чехия ойыншыларымен бақ сынайтын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети