06 мамыр 2022 19:09

ҚФФ басшысы Қазақстан құрамасына неге ресейлік бапкерді тағайындағанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kff.kz © kff.kz

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов ұлттық құраманың тізгінін неге Магомед Адиевке тапсырғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап. 


Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Бәрменқұлов ұлттық құраманың тізгінін неге Магомед Адиевке тапсырғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz басылымына сілтеме жасап. 

44 жастағы ресейлік маман бүгін ресми түрде Қазақстан құрамасының бас бапкері атанды. Осыған орай Футбол үйінде арнайы жиын болып, онда Әділет Берменқұлов таңдау неге Адиевке түскенін айтып берді. 

"Халықаралық күнтізбенің ерекшелігін жақсы білесіздер. Дегенмен, 11 күн ішінде 4 ойын өткізу қиын. Біз стресс жағдайындамыз. Сондықтан мұндай шешім неге қабылданғанын түсіндіргім келеді. Бізге, әрине, бапкерлік құзыретті көру қызық. Бірақ дәл қазіргі уақытта бұл модельді басқа форматта қарастырамыз. Бапкерліктен бөлек, бізге маманның басқарушылығы өте маңызды. Бүгін мен осы стресс жағдайынан қандай да бір жолмен абыроймен шығу керек екенін түсінемін. Адиевтің алдында бірінші міндет - жағдай жасау. Жаттықтырушылар штабында да, командада да байланыс орнату. Неге дәл Магомед Мусаевич? Бірқатар кандидат қаралды, Бабаянмен де әңгімелестік. Бірақ жасыратын ештеңесі жоқ - екі жыл бойы мен Магомед Мусаевичпен жұмыс істедім, оның жақсы басқарушы екенін байқадым", - деді Барменқұлов.

Айта кетейік, маусым айында Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында төрт кездесу өткізеді. Оның біріншісі Әзірбайжанға қарсы болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети