08 ақпан 2022 09:48

ҚФФ президенті лауазымына үміткерлердің есімі белгілі болды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

7 ақпанда Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) сайлау конференциясына үміткерлерді тіркеу аяқталды. Ол елорда уақытымен 18.30-да тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


7 ақпанда Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) сайлау конференциясына үміткерлерді тіркеу аяқталды. Ол елорда уақытымен 18.30-да тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

Биыл 28 ақпанда өтетін конференцияда жұмыс мәселелерін талқылаудан бөлек, ҚФФ президенті сайланады.

Өңірлік федерациялардан Олжас Абраев, Әділет Барменқұлов, Давид Лория, Берік Қаниев және Қайрат Оразбеков өз кандидатурасын ұсынды.

Сондай-ақ, қазіргі басшы Әділбек Жақсыбеков бұл лауазымға қайта сайлану туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

Жақсыбеков қазақстандық футболды көп жыл бойы басқарып келеді. Оны Ерлан Қожағапанов пен Сейілда Байшақов алмастырып отырды.

Әділ Барменқұлов Қарағандының "Шахтерында" жұмыс істеді. Сонымен қатар ол федерацияның атқару комитеті құрамына кіреді.

Олжас Абраев Қазақстанның кәсіби футбол лигасын басқарады және ҚФФ вице-президенті.

Давид Лория бұған дейін "Астананың" бас директоры болды. Сонымен қатар, елордалық футбол федерациясын басқарды.

Берік Қаниев - қазақстандық футболда танымал меценат, "Жас Қыран" клубының және академияның, стадионның иесі.

Қайрат Оразбеков ұзақ уақыт бойы "Қайрат" президенті болды. Сондай-ақ, Абраев, Қаниевпен бірге атқару комитеті құрамына кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети