Лионель Месси футболдан Аргентина құрамасынан кеткенін мәлімдеді

27 Маусым 2016, 11:08
1
Лионель Месси футболдан Аргентина құрамасынан кеткенін мәлімдеді - © REUTERS
© REUTERS

Шабуылдаушы Лионель Месси Америка Кубогі-2016 финалында жеңіліскен ұшырағаннан кейін футболдан Аргентина құрамасында мансап жолын аяқтағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости

Жексенбіде АҚШ-та өткен финалда аргентиналықтар Чили құрамасына пенальти бойынша есе жіберді. Есеп - 2:4. Ал Аргентина құрамасының лидері Лионель Месси 11 метрлік айып добын соға алмады. 

"Мен Аргентина құрамасындағы спорт жолымды аяқтаймын", - деп мәлімдеді 29 жастағы форвард. 

Испанияның "Барселона" клубында ойнайтын Месси 2011 жылдан бері Аргентина құрамасының капитаны болды. Ол құрамадағы тұңғыш ойынын 2005 жылы өткізген. Ол Аргентина сапында гол соққан ең жас ойыншы. Ұлттық құрамада ол 2014 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Аргентина құрамасының тарихындағы үздік шабуылдаушылардың тізімінде екінші тұр. Ол - Аргентина тарихында ең беделді футболшы.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай