09 қаңтар 2018 15:25

Мамандар әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімін жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Футбол 24 © Футбол 24

CIES Football Observatory зерттеу орталықтарының қызметкерлері ТОП-5 біріншілікте өнер көрсететін әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.


CIES Football Observatory зерттеу орталықтарының қызметкерлері ТОП-5 біріншілікте өнер көрсететін әлемдегі ең қымбат футболшылардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Рейтинг футболшының жасы, оның ойнайтын позициясы, қазіргі келісімшартының уақыты, Ұлттық құрамасындағы көрсеткішкері қарастырылып жасалған.

Оның қорытындысы бойынша, бірінші орынға франциялық "Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Неймар жайғасыпты. Оның трансферлік құны 213 миллион еуроға бағаланып отыр. Одан кейін "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси (202,2 миллион еуро), үздік үштікті Харри Кейін (194,7 миллион еуро) түйіндеп тұр.

Ал мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Криштиану Роналду (80,4 миллион еуро) 49-орынға жайғасыпты.

Үздік ондықтың рейтингі төмендегідей:

1. Неймар (ПСЖ) - 213 миллион еуро;

2. Лионель Месси ("Барселона") - 202,2;

3. Харри Кейн ("Тоттенхэм") - 194,7;

4. Килиан Мбаппе (ПСЖ) - 192,5;

5. Пауло Дибала ("Ювентус") - 174,6;

6. Деле Алли ("Тоттенхэм") - 171,3;

7. Кевин де Брюйне ("Манчестер Сити") - 167,8;

8. Ромелу Лукаку ("Манчестер Юнайтед") - 164,8;

9. Антуан Гризманн ("Атлетико" Мадрид) - 150,2;

10. Поль Погба ("Манчестер Юнайтед") - 147,5.

Толық тізімді мына жерден көре аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети