1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Футбол

Мбаппе Марадонаның "стилінде" гол салғаны үшін жазаланды

© Reuters © Reuters

Франциялық "Пари Сен-Жермен" шабуылшысы Килиан Мбаппе қызықты жағдайда сары қағаз алды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жағдай Франция лигасы Кубогындағы "Реймспен" ойында (3:0) болды. Шабуылдардың бірінде Мбаппе қақпашымен қағысып қалып, газонға құлады, алайда, жатқан күйде қолымен гол салды. 

Бұл гол есептелмеді, ал футболшы сары қағаз алды. Дегенмен Мбаппе бұған ренжімеді, ескерту жасалғанда ол күліп қана қойды.

Франция лигасы Кубогы финалында ПСЖ жартылай финалда "Лильді" пенальти сериясында ұтқан "Лионмен" ойнайды.

Ең атақты қолмен салынған гол Диего Марадоннаға тиесілі. 1986 жылы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалындағы Англияға қарсы ойында есеп 0:0 болып тұрған. 51-ші минутта бұрыштан тебілген допты Марадонна қақпаға қолымен бағыттап жібереді. Гол есептелді, ал форвард кейін бұл оқиғаны "Тәңірдің" қолы деп атады. 

Доллар арзандады