Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Месси бес жасар ауған баламен кездесуге дайын

02 Ақпан 2016, 10:06
0

Интернетте целлофаннан Аргентина футбол құрамасының формасын киіп, жұлдызға айналған баланы тілшілер іздеп тапты. Ол бес жасар Мұртаза Ахмади болып шықты - бүлдіршін Ауғанстанның оңтүстік-батысында Газни елді мекеніндегі ауылдардың бірінде тұрады, - деп хабарлайды Sputnik Әзірбайжан.

"Алтын доп" жүлдесін бес рет жеңіп алған Лионель Мессидің жанкүйері интернет-жұлдызға айналғанын білмеген екен. Оның суретін Facebook желісіне бірнеше апта бұрын ағасы салыпты. Осыдан кейін ондаған мың адам суреттегі баланы тауып, нағыз футболканы сыйлағысы келеді. 

Мұртазаның әкесі Мұхаммад Ариф баласына футболға арналған форма әпере алмағанын мойындады. Сондықтан бүлдіршіннің ағасы оған пластик пакетінен жейде жасап беріпті. "Мұртаза бір жыл бұрын қатарластарымен аулада футбол ойнай бастады. Бізде жарық жоқ, сондықтан күн энергиясын пайдаланып, кішкентай теледидарымызды қосамыз. Мұртаза Мессидің футболкасын кигісі келетін, сондықтан ол өзіне Аргентина құрамасының формасы түстес көк-ала пакет сатып алды. Сосын оның ағасы пакетке "10" және "Месси" деп жазып берді. Мұртазаның ойнауға добы да жоқ, сондықтан ол дос балаларынан алып, ойнап тұрады. Балам өз арманындағы тұлғамен кездескісі келеді, бұл күн де туады деп сенеміз", - деді ер адам.  

Ауғанстанның Футбол федерациясындағылар Лионель Мессидің өкілдерінің олармен байланысқанын хабарлады. Қазіргі уақытта Мұртаза мен Мессидің кездесуін ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. "Ауғанстанның Футбол федерациясының басшылығы Месси мен "Барселонадан" кездесуге қатысты хабарлама алды", - деп мәлімдеді федерацияның баспасөз хатшысы Сайед Али Каземи EFE басылымына берген сұхбатында.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай