14 тамыз 2021 12:45

Месси жасын сүрткен беторамал 10 мың долларға сатылмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Лионель Месси "Барселонамен" қоштасу баспасөз мәслихатында көз жасын сүрткен беторамал Mercado Libre сайтында сатылымға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Лионель Месси "Барселонамен" қоштасу баспасөз мәслихатында көз жасын сүрткен беторамал Mercado Libre сайтында сатылымға шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Лоттың бастапқы құны - 1 миллион аргентиналық песо (10 298 АҚШ доллары). Сатушы орамалда спортшының көз жасы бар дейді. Бұл, сатушының пікірінше, болашақта оны клондауға мүмкіндік береді.

Бұған дейін "Пари Сен-Жермен" аргентиналық шабуылшы Лионель Месси клубқа ауысқаннан кейін өзінің ресми сайтында оның тегі жазылған футболкаларға сатылым ашты. Бір сағатта 250 мың футболка сатылды.

Лионель Месси "Барселонада" 2000 жылдан бері өнер көрсетті, 2003 жылы негізгі құрамда ойнай бастады. Оның қанжығасында Испания чемпионатында 10 жеңіс, Испания Кубогы мен Суперкубоғында 7-ден, Чемпиондар Лигасында 4, Еуропа Суперкубогында 3 және клубтық Әлем чемпионатында 3 жеңіс бар. Биыл тамызда аргентиналық шабуылшы Лионель Месси ресми түрде Францияның "Пари Сен-Жермен" футбол клубына ауысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети