07 ақпан 2020 09:35

Месси жаттығу кезінде тағы бір командаласымен төбелесті - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Лионель Месси. © REUTERS Лионель Месси. © REUTERS

Аргентиналық форвард Лионель Месси мен германиялық қақпашы Марк-Андре Тер Штеген жаттығу кезінде төбелесіп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz


Аргентиналық форвард Лионель Месси мен германиялық қақпашы Марк-Андре Тер Штеген жаттығу кезінде төбелесіп қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz

El Pais мәліметі бойынша, футболшылар жаттығу барысында допқа таласып, дауласып қалған. Ұжымдағы жағдай команда "Валенсиядан" (0:2) жеңілгеннен кейін ушыға түскен. 

Ақпанның басында Месси жаттығуда қорғаушы Жерар Пикемен жанжалдасқан еді. Бірақ футболшылар жаттығу кезінде татуласқан болатын. 

Бұған дейін Месси "Барселонаның" спорт директоры Эрик Абидальмен дауласып қалғаны хабарланған. Жанжалға функционердің экс-бапкер Эрнесто Вальверденің клубтан кетуіне қатысты пікірі себеп болған. 

Сондай-ақ испаниялық БАҚ-тың хабарлауынша, Месси "Барселона" президенті Жозеп Бартомеудің отставкаға кетуін қалайды. Осы маусымда 32 жастағы аргентиналық Ла Лиганың 17 матчында 14 гол соққан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети