04 желтоқсан 2019 17:35

Месси Роналду екеуінің арасындағы басты айырмашылықты айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube.com © youtube.com

Аргентина құрамасының әрі "Барселона" футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси "Алтын доп" жүлдесінің иесі неге байланысты анықталатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Аргентина құрамасының әрі "Барселона" футбол клубының шабуылшысы Лионель Месси "Алтын доп" жүлдесінің иесі неге байланысты анықталатынын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Мен әлде Роналду мықты ма, оны айта алмаймын. Біздің міндет бөлек: ол - бомбардир, ал менің стилім басқа. "Алтын допты" алу үшін тамаша маусым өткізіп, Чемпиондар лигасында жеңу қажет. Клубпен бірге жеткен жеңіс бұл жүлдені алуға мүмкіндікті арттырады", - дейді аргентиналық футболшы.

Лионель Месси осыған дейін "Алтын доп" жүлдесін өзі сияқты бес рет алған адам бары қатты мазалағанын айтады. 

"Криштиану бесінші рет алғанда, ол "Реалмен" ұлы кезеңді бастан өткерген еді. Ол кезде жеңіп алмаған жүлдесі қалмаған, Роналду оған лайық. Мен бұдан артық істей алар едім деп ойладым. Маған бұл қалай тиді? Шынын айтсам, қиын болды. "Алтын допты" бес рет алған тағы бір адам бар екенін сезіну намысыңды қажайды", - деп келтіреді Мессидің сөзін L’Equipe.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети