12 қараша 2022 18:13

"Ордабасы" Қазақстан кубогын жеңіп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©«Ордабасы» ФК баспасөз қызметі ©«Ордабасы» ФК баспасөз қызметі

Футболдан Қазақстан кубогы - 2022 финал ойыны аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.


Футболдан Қазақстан кубогы - 2022 финал ойыны аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

"Астана Аренада" өткен матчте кубокты "Ақжайық" пен "Ордабасы" командалары сарапқа салды.

11-минутта оралдықтар 2:0 есебімен алға шықты. Голды Завен Бадоян (7-минут) пен Том Табатадзе (11-минут) соқты.

"Ордабасы" 26-минутта Самат Шәмшінің күшімен бір голдың есесін қайтарды. Ал екінші таймда Всеволод Садовскийдің голы есепті теңестіруге мүмкіндік берді - 2:2.

Алайда көп ұзамай "Ақжайық" тағы екі гол соқты - Табатадзе (67) мен Илья Коваленко (73).

"Ордабасы" 76-минутта Максим Федин артта қалған есепті қысқартты - 4:3. 98-минутта Луис Гуедес шымкенттіктерді жеңілістен құтқарып қалды - 4:4.

Қосымша уақытта 119-минутта пенальтимен Елхан Астанов гол салып, "Ордабасыға" жеңіс әкелді.

Кездесу "Ордабасының" жеңісімен аяқталды. Шымкенттік клуб бұл жүлдені екінші рет жеңіп алды, енді "Ордабасы" 2023/24 маусымында еурокубоктарға қатысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети