29 мамыр 2022 17:37

"Реал" жұлдызы Чемпиондар лигасындағы жеңісінен кейін клубтан кететінін мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Reuters© Фото: Reuters©

"Реал" қорғаушысы Марсело клубтан кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 


"Реал" қорғаушысы Марсело клубтан кететінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

34 жастағы бразилиялық футболшы Чемпиондар лигасының финалында "Ливерпульді" жеңгеннен кейін шешімі туралы айтты. Марсело үшін бұл "Реал Мадрид" сапындағы 25-олжа. Бұл - клубтағы рекорд.

"Мен Чемпиондар лигасының кубогын бес рет жеңдім. Бұған жете аламын деп ешқашан ойламаппын", - деді Марсело қоштасу сөзінде.

Марсело "Реалда" 2007 жылдан бері ойнап келеді. Оның есебінде 386 матч және 26 гол бар. Қорғаушы Испания чемпионатында алты рет жеңіске жетті, Испания кубогын екі рет және елдің Суперкубогын бес рет алды, Чемпиондар лигасын бес рет жеңді, үш рет УЕФА Суперкубогының жеңімпазы атанды, сондай-ақ төрт рет клубтық әлем чемпионатын жеңді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети