10 шілде 2017 09:29

Роналду келесі маусымда қай клубта ойнайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Реал" шабуылшысы Криштиану Роналду мадридтік клубта 2017/18 маусымында да ойнайтын болды, - деп хабарлайды Lenta.ru.


"Реал" шабуылшысы Криштиану Роналду мадридтік клубта 2017/18 маусымында да ойнайтын болды, - деп хабарлайды Lenta.ru.

32 жастағы португалдың бұл шешімді корольдік клубтың басшылығына айтқаны хабарланып отыр. "Реал" Роналдудың орнын басатын футболшы іздеуді тоқтатты, деп жазады AS. 16 маусымда футболшы 2009 жылдан бері өнер көрсетіп келе жатқан клубынан кеткісі келетіні жайлы хабарлаған еді. Бұған себеп ретінде мадридтік клубтың форвардқа салық заңбұзушылығы істерінде қажетті қолдау білдірмей отырғаны айтылған болатын.

13 маусымда испан прокуратурасы Роналдуға қатысты іс қозғаған, оған себеп - Роналду 14,7 миллион еуро салық төлемеген деген айып. Ведомство өкілдері спортшының арнайы құрылған бизнес-құрылым арқылы нақты табысын жасырды деп есептейді. Өткен маусымда Роналду "Реал" сапында Испания чемпионы әрі Чемпиондар лигасының жеңімпазы болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети