13 наурыз 2022 09:39

Роналду соғылған гол саны бойынша әлемдік рекорд орнатты

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: © Reuters Фото: © Reuters

"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду кәсіби карьерасындағы гол саны бойынша әлемдік рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.


"Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду кәсіби карьерасындағы гол саны бойынша әлемдік рекорд орнатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.

"Р-Спорт" мәліметінше, Роналду АПЛ-дың 29-турындағы лондондық "Тоттенхэм" клубына қарсы ойында (3:2) хет-трик жасаған. Осылайша, оның карьерасында 807 гол соғылған (692 - клубтар үшін, 115 - ұлттық команда үшін).

Португалдық австриялық және чехословакиялық шабуылшы Йозеф Бицаннан асып түскен. Ол мансабында 805 гол соққан. Бицанның жетістігін көптеген статистикалық ресурс, соның ішінде халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) мен спорттық статистика қоры (RSSSF) растайды. Сонымен қатар, Чех футбол қауымдастығы Бицан ресми матчтарда 821 гол соққанын айтады.

37 жастағы спортшы "Спортинг", "Манчестер Юнайтед", "Реал", "Ювентус"командаларының намысын қорғады. Ол - Чемпиондар Лигасының бес дүркін жеңімпазы. Тамызда Роналду "Манчестер Юнайтедке" оралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети