Роналду хет-трик жасап, "Ювентусты" ЧЛ 1/4 финалына шығарды

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Роналду хет-трик жасап, "Ювентусты" ЧЛ 1/4 финалына шығарды Фото: ©REUTERS

"Ювентус" пен "Атлетико" арасында Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчы өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


"Ювентус" пен "Атлетико" арасында Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта матчы өтті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Италиялық "Ювентус" өз алаңында испаниялық клубты 3:0 есебімен жеңді. Криштиану Роналду хет-трик авторы атанды. Ол 27-ші және 49-ші минуттарда баспен гол соққан. Ал 86-шы минутта пенальтиді дәл орындап, екі ойынның қорытындысы бойынша "Ювентусты" ширек финалға алып шықты.

Осыған дейінгі кездесуде "Атлетико" 2:0 есебімен жеңген еді. Осылайша "Ювентус" 3:2 есебімен келесі кезеңге өтті.

Қатар өткен басқа матчта "Манчестер Сити" 7:0 есебімен "Шалькені" ойсырата жеңді. Дубльді Серхио Агуэро жасады, ол 35-шы минутта айып добын соқты. 38-шы минутта ойын кезінде есептті тағы да өзгертті. Ал ойынның 42-шы минутында Лерой Сане көзге түсіп есепті ұлғайтты. Оған қоса ол үш нәтижелі пас шығарды. Қалған голдардың авторлары: 56-шы минутта - Рахим Стерлинг, 71-шы минутта - Бернарду Силва, 78-шы минутта - Фил Фоден, 84-шы минутта - Габриэл Жезус. Бірінші матчта 3:2 есебімен қонақта болған ойында "Сити" жеңіске жеткен. Қос ойынның нәтижесі бойынша 10:2 есебімен "Манчестер Сити" жеңді. 

Бұған дейін "Манчестер Юнайтед" қонақта франциялық ПСЖ-ны 3:1 есебімен ұтып, қонақта соққан голының арқасында ширек финалға жолдама алған болатын. Екі ойыннан кейін 3:3 (0:2, 3:1) есебі тіркелді. 

Ал португалиялық "Порту" италиялық "Романы" 4:3 (1:2, 3:1) есебімен жеңді. Англиялық "Тоттенхэм" немістің  "Боруссиясын" (Дортмунд) 4:0 (3:0, 1:0) есебімен ойсырата  ұтқан. Ал голландиялық "Аякс" испаниялық "Реалды" 5:3 (1:2, 4:1) есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының қазіргі жеңімпазын жарыстан шығарып тастады. 

Чемпиондар лигасының 1/8 финалы "Барселона" (Испания) - "Лион" (Франция) және "Бавария" (Германия) - "Ливерпуль" (Англия) командаларының қарымта матчтарымен аяқталады. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 485.18   563.78   6.54 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +21
Астана +15
Ақтау +15
Ақтөбе +14
Атырау +15
Б
Балқаш +14
Ж
Жезқазған +14
Қ
Қарағанды +14
К
Көкшетау +15
Қ
Қостанай +15
Қызылорда +19
П
Павлодар +14
Петропавл +17
С
Семей +18
Т
Талдықорған +19
Тараз +18
Түркістан +12
О
Орал +13
Ө
Өскемен +19
Ш
Шымкент +19

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер