1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Футбол

Самат Смақов қазақстандық клубтардың бірінде бапкер атанды 31 қаңтар 2021, 10:15

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының 42 жастағы экс-капитаны Самат Смақов "Ордабасы" клубының бапкерлік штабына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: ©"Ордабасы" ФК Фото: ©"Ордабасы" ФК

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының 42 жастағы экс-капитаны Самат Смақов "Ордабасы" клубының бапкерлік штабына кірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Смақов бір аптадан аса уақыт бұрын "Ордабасының" тізгінін ұстаған беларусьтік маман Александр Седневтің көмекшісі болады. Бапкерлік штабқа тағы бір қазақстандық маман Андрей Ферапонтов қосылды.

Бір қызығы, Самат Смақов 2018 жылдан 2019 жылға дейін "Ақтөбенің" бас директоры болған, ал Александр Седнев сол кезде "ақ-қызылдарды" ("Ақтөбе" ФК - еск.) жаттықтырған еді", - делінген хабарламада.

Ойыншы кезінде Смақов "Елімай", "Ертіс", "Ростсельмаш" (Ресей), "Жеңіс", "Қайрат", "Ақтөбе", "Ризеспор" (Түркия) және "Ордабасы" клубтарында ойнаған. Сондай-ақ, ол Қазақстан ұлттық құрамасында өткізген матчтар саны бойынша рекорд орнатқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram