"Тараз" командасы эстониялық ойыншымен толықты

05 Ақпан 2014, 15:45
0
"Тараз" командасы эстониялық ойыншымен толықты - Фото: fifa.com
Фото: fifa.com
Футболдан Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін "Тараз" командасы эстониялық жартылай қорғаушы Мартин Вункты өз қатарларына қосты деп хабарлайды Tengrinews.kz Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.

Ойыншымен клуб жетекшілері осы жылдың соңына дейін келісім-шартқа отырған. Бұл ойыншы жанкүйерлерге таллиндік "Флора" командасының қатарында өнер көрсетіп жүргенде жақсы танылған. Ал, 2011 жылы швециялық "Сюрианска" , одан кейін кипрлік "Неа Саламина" командалардың намысын қорғаған. Эстония құрамасының сапында Мартин 2008 және 2012 жылдары арасында өнер көрсетіп, 46 ойында бір нәтижелі соққымен көзге түскен.

Айта кетейік, ертеректе жамбылдық команданың сапын голландиялық екі бірдей ойыншы Десли Уббинк және Сигурни Банджар толықтырған еді.

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай