17 қараша 2014 09:35

Юрий Красножан өз командасының ойынына риза емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юрий Красножан. ©РИА Новости Юрий Красножан. ©РИА Новости

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножан өз командасының Түркияға қарсы ойынына көңілі толмай отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz


Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Юрий Красножан өз командасының Түркияға қарсы ойынына көңілі толмай отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Бірінші тайм - бұл бөлек ішкі әңгіменің тақырыбы. Оны талқылаудың мәні жоқ. Екінші таймда екі фактор болды - Түркия арынын азайтты, екіншісі - бұл әңгімені командамен бірге үзіліс кезінде талқылап кеттік. Орталық аймақтағы тактикалық қайта орналасу да әсер етті", - деді Красножан. 

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері команданың жыл бойғы ойындарын қорытындылауға дайын емес екенін айтты. "Осы ойыннан кейінгі эмоциялардың негізінде жақсы талдау жасауға болады. Кейінірек жасалады деп ойлаймын. Бізде эпизодтар ғана бар. Бүгін де екінші таймда жиырма минут бойы жақсы футбол болды. Чехия құрамасымен болған екінші тайм да жақсы ойын болды. Шабуылды артығымен көздеген ойын. Латвия құрамасымен арада да 10-15 минут жақсы ойын эпизоды болды. Жаттығу жұмысы ойыннан көрініс тапты. Тұтас талдау жасауға әзірше дайын емеспін", - деді Красножан. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар. 

Еске сала кетейік, футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2016 чемпионатына іріктеу кезеңінің матчында Түркия командасынан жеңіліп қалды. Стамбұлда өткен кездесу 3:1 есебімен аяқталды. Жеңілістен соң Қазақстан құрамасы "А" іріктеу тобының соңғы сатысына төмендеді. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети