"Баспана хит" пен 7-20-25 бағдарламалары пайдалы болды ма? #BizbenPodcast

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Dauletten атымен танылған блогер Дәулет Мұқаев Bizben Podcast жобасының қонағы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ол Қазақстанда баспанаға қатысты қандай бағдарлама қолжетімді екенін, қалай ақша жинау керегін айтып, үй аламын деп жүргендерге кеңесін берді.

Сонымен қатар, блогер "Баспана Хит" пен 7-20-25 бағдарламаларына қатысты ойын айтты. 

"Салыстырмалы түрде бұл бағдарламалар пайдалы болды. "Баспана Хит" бағдарламасымен 60 мыңға жуық азамат үй алып, экономикалық жағдайын жақсарта алды. Себебі сол тұрғындар Алматы не Нұр-Сұлтанда 1-2 бөлмелі пәтер үшін айына 110-120 мың теңге ипотека төлейді. Ал егер ол сол қалаларда пәтер жалдап тұрса да, сол 120-130 мың теңгені төлер еді. Одан да өз үйіне төлегені жақсы. Сондықтан бұл құрылыс нарығына серпін берген бағдарлама. Оның бастапқы жарнасы - 20 пайыз, яғни олар халыққа ақша жинауды үйрете алды. 20 пайызын жинайсың, сенің үй алатын мүмкіндігің бар", - деді Дәулет Мұқаев.

Еске салайық, бұған дейін BizbenPodcast жобасының қонақтары журналист Жұлдыз Әбділда, фактчекер Думан Смақов пен тележүргізуші, актриса Жұлдыз Абдукаримова, тіл маманы Назгүл Қожабек, файтер Арман Әшімов, спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен, әзілкештер Еркебұлан Мырзабек пен Нұрмахан Мұқанұлы, файтер Ақтөре Батырбек болған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer