20 мамыр 2021 11:56

"20 адамға тарат". Қазақстандықтарға жалған ұтыс ойыны туралы ескерту жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

KZ-CERT компьютерлік шабуылға әрекет ету қызметі Қазақстанда Toyota автокөлігінің жалған ұтысы ойнатылып жатқанын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


KZ-CERT компьютерлік шабуылға әрекет ету қызметі Қазақстанда Toyota автокөлігінің жалған ұтысы ойнатылып жатқанын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хабарламада интернет-ресурстарға қатысты өтініштер түскені көрсетілген. Онда Toyota маркалы автокөлік түрінде кепілдендірілген сыйлықпен ұтыс ойыны өткізілетіні айтылады.

"KZ-CERT жүргізген талдау нәтижесінде 20-дан аса алаяқтықпен айналысатын интернет-ресурс анықталды. Ұтыс ойынына қатысу үшін пайдаланушыға шағын сауалнамадан өту ұсынылады, одан кейін WhatsApp мессенджері арқылы сілтемені 20 адамен бөлісу қажет", - делінген ведомство хабарламасында.

Мамандар белгісіз сілтемелерді ашу қауіпті екенін ескертеді. Өйткені сілтеме пайдаланушыларды әртүрлі зиян немесе фишинг интернет-ресурстарға бағыттау мүмкін. Бұл банк карта деректері және пайдаланушы дербес деректерінің тарап кету қаупін тудырады. Сонымен қатар, әртүрлі мессенджерлердегі байланыстарына сілтеме жібере отырып, пайдаланушылар алаяқтық ресурс сілтемелерін таратуға көмектеседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети